жаралы жүрек lyrics

Сүлеймен Әсел

жаралы жүрек

0
0

Share:


Ауырады сыздап қатты жүрегім,
Білдіртпестен бірақ үнсіз жүремін.
Жылағанмен түсінбес мені ешкім,
Сол себепті амалсыз мен күлемін.
 
Жүрегіме айықпас жара түсті,
Жүрегім деуші едім берік, мықты.
Байқатпастан жазылмас жара салдың,
Айықса да белгі болып қалар ізі.
 
Бұл жараның емін іздеп таба алмадым,
Жара жазар дәрі іздеп сарылғанмын.
Емсіз жара денемде болған емес,
Білмеймін, мұның емін қалай таба аламын?.
авторы:Сүлеймен Әсел
Сүлеймен Әсел, жаралы жүрек lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

16.01.2016