Батырбек датқа айтқандары lyrics

Сүйінбай Аронұлы

0
0

Share:


Ассалаумағаләйкүм, дәу Батырбек,
Туғаның хабарлады «Сен келсін» деп.
Баурыңның иманы жолдас болсын,
Айтпақ едім көңілді өзім де кеп.
Төрт Дулаттан тараған Сыпатайдың,
Келді ме деп ойлап ем қайғысын жеп.
Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дәу Батырбек дейді екен сені босқа.
Жақынын жаттай көріп айып сұрап,
Қысқалығың көрінді осы тұста.
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай көл кісі еді,
Жаныстан өтіп кеткен әзіз Төле,
Сенкібай, Шойбекпенен тең кісі еді.
Құлмамбет, Таңсықпенен о да кетті,
Сүйегі соларменен бір кісі еді.
Батырбегім, топ болса айқайлайсың,
Үшеуінің қасында нең кісі еді?!
Елімді қорашсынба, дәу Батырбек,
Кеткен жоқсың олардың ақысын жеп.
Дәң кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.
Сүйінбай Аронұлы, Батырбек датқа айтқандары lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016