МУА-ға арнау lyrics

Шарапат Раушанбек

МУА-ға арнау

0
0

Share:


Болашақ бақыттың
Қадамын бастадың,
Көш бастап келеді
Студент жастарың,
Тербесін тек жеңіс,
Бақыт пен асқақ үн
Астана Медицина
Университеті аспанын.
Қ/сы:
Шалқытып шуақ-ғылым, дастан әнін,
Білімнің нұрлы көші, бас қадамын,
Жасай бер, елін сүйген ең таңдаулы
Медицина Университеті Астананың!

Білімнің шырағын,
Шуақ қып үнемі,
Алыптар шығардың
Халық дер жүрегі.
Мейрімге бастаған,
Жақсылық-жол әні,
Сендегі әр жүрек
'Елім' деп соғады.

Қашанда қадірлі,
Халықпен біргесің,
Жауқазын-жалынды
ғылымнан гүлдесін.
Мәңгілік құрметін,
Өзіңе жасайды ел,
Медицина ордасы
Жасай бер, жасай бер!!!
 
Шарапат Раушанбек, МУА-ға арнау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.10.2015