Кешір жаным lyrics

Шарапат Раушанбек

Кешір жаным

0
0

Share:


Кешір жаным, қоса алмадық үнді біз,
тағдыр әні бекем екен, бұйрықты...
Жанарымды жасауратты мұңды күз,
Жұлдыздардай құлап түстім құйрықты.
Мұң мен бақыт қатар қонып бағыма,
Білгем, уақыт емдеріңді жарамды.
Жеті жылда өте шықты қағына
үшеуі «ақ»,ал төртеуі «қараңғы»
Біз үшеу ек, бақыт сырын ұғатын,
құлын- тайдай құрақ ұшып жүгірген.
Махаббатты емес,достық мұратын
күтуші ек ертең,тосып бүгіннен...
Бозбалалық келгенінде бүлік сап,
маздақ алып, махаббатпен жанғанмын
Жанарыңнан алып алып ұлықсат,
Жүрегінде берді екен деп алдандым.
Ал, шынында досым сені сүйетін
сенде оны ұнататын боп шықтың.
Салыстырсам ғұмырымда жиі тым
Махаббаттан мәні терең достықтың!
Үш жылдан соң бір-ақ білдім мұны мен,
қыстырған соң көңіліме күйік-мұң.
Үзілместен шырқалатын сырым ең,
кім ойлаған, сор болар деп сүйіктім?!
Үш жыл бұрын «ұмытам» деп бәріңді,
Астанаға арман қуып келгенмін.
Жүрек құрғыр қылықтарын сағынды
Сырымды ұғар, «бұрынғылар» сендердің.
Бақыт тілеп жүрем іштей сүйіп мың,
Айналайын, қос тағдырым, соларды!
Бірақ досым дос боп қалды, сүйіктім
сағынышқа айналды да, жоғалды...
Жо-жоқ, қалқам,былай тұрсын ұмытпақ,
сенсің мәңгі шертетұғын дастаным.
Саған деген сезімімді құлыптап,
сана-ойдың түкпіріне тастадым.
Кешір, ботам! Шарасызбын мен енді,
таппағанда тағдырымнан келісім.
Бір «шындығым» күншілдіктен кемелді,
Достық қымбат махаббаттан мен үшін!!!
Шарапат Раушанбек, Кешір жаным lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.10.2015