Мойынқұмда lyrics

Шәмші Қалдаяқов

Мойынқұмда

3
0

Share:


Мойынқұмда ел жайлауы,
Ел жайлауы көк шалғын.
Хан тауы мен Жамбыл тауы –
Кең жайлауы достардың.
 
Қайырмасы:
Мойынқұмда,
Мойынқұмда,
Мойынқұмда жайлауым.
Достарымның дидары,
Жайдары, жайдары,
Ей... Ару  қыздар,
Ару қыздар,
Сұлу қыздар – сырласым,
Өздеріңді құрбың жырласын!
 
Қалалардай сәулеті бар,
Қарабөгет, Талғабай,
Ағыл-тегіл дәулеті бар,
Шудың бойы малға бай.
 
Қайырмасы.
 
Жыр алыбы – Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты.
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты.
 
Қайырмасы.
 
Сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі
Шәмші Қалдаяқов, Мойынқұмда lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015