Бәрінен де сен сұлу lyrics

Шәмші Қалдаяқов

Бәрінен де сен сұлу

3
0

Share:


Жаз күнінде жайнаған
Масатыдай жер сұлу.
Аққу, қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.
 
Қайырмасы:
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан
Бәрінен де сен сұлу.
 
Нұрын төккен қырмызы
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы
Айлы кеште түн сұлу.
 
Қайырмасы.
 
Тәрбиелі, тамаша
Бал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса
Талай абзал бар сұлу.
 
Қайырмасы.
 
Сөзі Мақсұтбек Майшекиндікі
Шәмші Қалдаяқов, Бәрінен де сен сұлу lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

29.10.2015