Алла lyrics

Сержанәли Әлібек

Алла

3
0

Share:


Ассалаумағаалейкум, ей, мұсылман бауырым,
Еркін еске түсірейік Хабибімнің дәуірін.
Ислам дінін ұлық еткен тек Алланың құдіреті,
Пікір, зікір, шүкір етші, ей, Мұхаммед үмбеті. 
 
Алла, Алла, Аллаһу Әкбар. 4 рет
 
Біз ананың құрсағында бұл дүниені көрдік пе?!
Бұл дүниеге келгеннен соң шын дүниеге сендік пе?!
Ей, бауырым, бірің кедей, бірің мейлі таққа мін,
Иланғайсың, имандай шын байлық болғай тапқаның.
 
Алла, Алла, Аллаһу Әкбар. 4 рет
 
Сеніп көңіл, көрді көзім бір Алланың нақ барын,
Көз ашылып жұмылғанша Құран Кәрім баққаным.
Аңлап ашып бір сүренің сансыз санлы қатпарын,
Ақ аятпен шаюдамын жүрегімнің дақтарын.
 
Алла, Алла, Аллаһу Әкбар. 4 рет
Сержанәли Әлібек, Алла lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

23.10.2015