Қазақтың салты

Саттығали Нұрдәулет

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Сөздіңде басы бісміллə
Біссіміллəсіз іс қылма
Шеберліктің тұрмысы
Сəттіде күні іс қылған
Біз қазақ деген ел едік
Алтыда қанат ақ орда
Ат байлаған үйірмен
Казан жағып бəйбіше
Алғыста алған пейілден
Самаурыны быжылдап
Оттанда дəйім түспеген
Бауырсақ шекер жемістен
Шəйданда басқа ішпеген
Қонағы келсе қой сойып
Қазаны орта піспеген
Жаз болса өзен жайлаған
Жолаушы түскен суытпен қай
Самаурын шəйі қайнаған
Алыстан келген сый қонақ
Партоздап жатып жайнаған
Отыратын төсекте
Мақпал көрпе кілемнен
Басқада нəрсе жаймаған
Қазы қарта жал жая
Қияда кесіп жинаған
Небірде сұлу бар екен
Көзімнің алдығой мұнарған
Көргендер шыққан құмардан
Туралап келген мейманды
Ақ шұбатпен суарған
Қазықта өгізше күміс бас
Былғары сəнді етікпен
Шашбауын төгіп су алған қыз
Мына бір белін буынып
Сұлулықпен сыланған
Сырғалары жылтылдап
Ақ күмістен құралған
Жаманның қолы жете алмай
Жақсылар іздеп сұранған
Жігіттер келген ұрыны
Топқұда түскен ұраннан
Тиындаменен той болса
Мəжіліс басы жиылып
Жақсылар талай құралып
Қазағым жомарт жүрғой бұл қонағын
Шақыртып алыс пен жакын демейак
Көршілес елге шаптыртып жиһазды
Қақтырып желісіне
Айдағанда жылқы жапырып
Байлағанда қолын бақыртып
Ащыда қымыз ак шұбат
Сабадан құйған ақыртып
Түйенің сүті ақ шұбат
Көнектен құйып айырған
Шөлдегендердің талайын
Сусындап мейірін қайырған
Қонағың ас көп болсада
Жылжиды жерің тайынған
Ілгінді қазақ сөйлейді
Бүртүрлі заман тап келді
Жығылыпты жұртым қалмаңдар
Қаққада кəміл нанғандар
Пайғамбарға үммет болғандар
Алланың атын шарт етіп
Зікірін айтып танбаңдар
Құдайдан пасыл болмаса
Пендеден қандай қайран бар.



Саттығали Нұрдәулет Қазақтың салты lyrics, Саттығали Нұрдәулет 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

13.12.2018
Users