Боз дала lyrics

Сарыарқа

Боз дала

1
0

Share:


Шешілсе екен жүрген ой толғандырып,
Арман күліп,
Жолым бір оңнан шығып.
Сары-ала бір артыма жол қалдырып,
Шөл далаңды жібермей сорландырып,
Жайнатсам-ау, шіркін-ай, орман қылып!

Табиғаттан бұзылған шошынамын,
Тосыламын,
Мазалап тосын ағын.
Тілек тілеп Құдайдан отырамын,
'Таза болса екен!'- деп қыз куйінде,
Ауа, су мен құнарлы топырағың!

Алыстап кетсем боз далаң сағындырар,
Табындырар,
Сұлулық бағындырар.
Қыздарың мен гүліңе жаным құмар,
Туған жерім, өзіңді шексіз сүйем,
Ұлыңмын мен сен үшін жанын қияр!!!

Табиғаттан бұзылған шошынамын,
Тосыламын,
Мазалап тосын ағын.
Тілек тілеп Құдайдан отырамын,
'Таза болса екен!'- деп қыз куйінде,
Ауа, су мен құнарлы топырағың!
Сарыарқа, Боз дала lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015