Тамаша

Самал тобы

2018

1
0

Share:




Ағымға бақыт керек
Бақытқа уақыт керек
Арманға жету үшін
Төзімін әр кеуденің
Жаратқан әр пенденің
Естиді өтінішін
Күлімдеп тереңнен атқан таңым
Шуылдап достарыңмен шаттанғаның
Табаның жерге тиіп тұрсадағы
Осы ғой шынымен тапқан бағым

Қайырмасы
Аспанда күндер күлсе тамаша
Қырларда гүлдер күлсе тамаша
Бәріңде сүйген жандар әрқашан
Өмірде бірге жүрсек бірге жүрсек тамаша

Байлығың ақшада емес
Алтында басқада емес
Жүрекке жинағаның
Асқақтап көкке жетпей
Жақынды өкпелетпей
Адамды сыйлағаның
Жолдасың жаныңдағы адал болса
Ата анаң сүйген жарың балаң болса
Жалғанда бақытсызбын дей көрмеңдер
Ағайын туғаның аман болса

Қайырмасы
Аспанда күндер күлсе тамаша
Қырларда гүлдер күлсе тамаша
Бәріңде сүйген жандар әрқашан
Өмірде бірге жүрсек бірге жүрсек тамаша

Самал тобы Тамаша lyrics, Самал тобы 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

17.05.2018
Users

Sign up

Sign up

Sign in

Password Recovery

Forgot password?

Male
Female

Enter your account’s email address. Your password will be sent to this address within 5 minutes.