Адамдар, аққуларды атпаңдаршы lyrics

Сәкен Майғазиев

Адамдар, аққуларды атпаңдаршы

2
1

Share:



Аққу құс біздің көлді паналайды
Қарайды бермен қарай қарамайды
Көлдегі қамыс та емес құрақ та емес
Ол менің жүрегімді аралайды

Қайырмасы:
Баяғы ғашық әнге салмас па екен,
Құмарым қайта көріп қанбас па екен.
Адамдар аққуларды атпаңдаршы,
Көл жетім, ару жесір қалмас па екен...

Өлеңді жыр етемін, сыр етемін
Аққуға оқ ұсынған кім екенін
Адамдар, аққуларды атпаңдаршы
Ол өлсе қандай жанды жыр етемін

Қайырмасы:
Баяғы ғашық әнге салмас па екен,
Құмарым қайта көріп қанбас па екен.
Адамдар аққуларды атпаңдаршы,
Көл жетім, ару жесір қалмас па екен...

Баяғы ғашық әнге салмас па екен,
Құмарым қайта көріп қанбас па екен.
Адамдар аққуларды атпаңдаршы,
Көл жетім, ару жесір қалмас па екен...

Мамықты сақтамаған бұлғақтайды
Маңайды көзбен шолып тіл қатпайды
Адамдар, аққуларды атпаңдаршы
Патшасын сұлулықтың кім сақтайды

Қайырмасы:
Баяғы ғашық әнге салмас па екен,
Құмарым қайта көріп қанбас па екен.
Адамдар аққуларды атпаңдаршы,
Көл жетім, ару жесір қалмас па екен...

Баяғы ғашық әнге салмас па екен,
Құмарым қайта көріп қанбас па екен.
Адамдар аққуларды атпаңдаршы,
Көл жетім, ару жесір қалмас па екен...

Адамдар аққуларды атпаңдаршы,
Көл жетім, ару жесір қалмас па екен...
Сәкен Майғазиев, Адамдар, аққуларды атпаңдаршы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

27.10.2015