Таңда

Руслан Сұлтан

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Танысып білісіп қос жүрек тілдесіп
Соқты қатар тулап бірлесіп
Көбейіп сырымыз азайып мұңымыз
Жүріп ек бақытты күн кешіп
Бақ кезіп қыдырып жанымыз жылынып
Сезімді жанардан ұғынып
Жүргенде неге сен бірдеңе демесең
Бір демде өзгердің құбылып
Білем білем жаным өзге біреу барын
Біздерден қызғанар бақытты
Бір үмітті жалға бірімізді таңда
Өткізбе сен бекер уақытты

Қайырмасы
Таңда жаным таңда жанды əуреге салма
Жүректің қалауы менбе əлде олма
Таңда жаным таңда тек өкініп қалма
Сүйгенің сенгенің менбе əлде олма

Құны жоқ сөздердің нұры жоқ көздердің
Баяғыдай емес өзгердің
Басқаша еді бəрі кеше түні таңы
Алғаш ғашық болған кездердің
Қиғыңда келмейді сүйгіңде келмейді
Махаббат тек кеудені тербейді
Ойын қып сезінді алдама өзіңді
Бір бақты үш адам бөлмейді
Білем білем жаным өзге біреу барын
Біздерден қызғанар бақытты
Бір үмітті жалға бірімізді таңда
Өткізбе сен бекер уақытты

Қайырмасы
Таңда жаным таңда жанды əуреге салма
Жүректің қалауы менбе əлде олма
Таңда жаным таңда тек өкініп қалма
Сүйгенің сенгенің менбе əлде олма


Руслан Сұлтан Таңда lyrics, Руслан Сұлтан 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

28.10.2018
Users