Жігіттер жыры lyrics

Руслан Ахинбеков

2017

3
0

Share:



Жігітке қашанда жайсаңдық жарасады
Жайсанға қашанда жақсылар жанасады
Жарқырап жайнап жасайтын тамашаны
Жасанпаз жігіттің жарқын ғой болашағы

Қайырмасы
Жігіттер жігіттер қалайсыңдар
Жасымай тасымай жүрсіңдер жарайсыңдар
Сыр бермей сірәда дауылда жауында
Сыйлы жан бола алсаң бауырда табылған
Сүрінте алмайды алда да талай сындар

Жігітке қашанда жомарттық жарасады
Мәрт мінез жандармен бәріде санасады
Құдайдың өзіде ондайға қарасады
Сауап іс әрдайым алдыңнан жол ашады

Қайырмасы
Жігіттер жігіттер қалайсыңдар
Жасымай тасымай жүрсіңдер жарайсыңдар
Сыр бермей сірәда дауылда жауында
Сыйлы жан бола алсаң бауырда табылған
Сүрінте алмайды алда да талай сындар

Жігітке қашанда биіктік жарасады
Жақтырмас ешкімде көңілі аласаны
Көктегі күндей боп нұрланар болашағы
Солайша асқақтар биіктер алашағы

Қайырмасы
Жігіттер жігіттер қалайсыңдар
Жасымай тасымай жүрсіңдер жарайсыңдар
Сыр бермей сірәда дауылда жауында
Сыйлы жан бола алсаң бауырда табылған
Сүрінте алмайды алда да талай сындар


Руслан Ахинбеков, Жігіттер жыры lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

23.05.2018
Users