Шақырады көктем lyrics

Роза Рымбаева

Шақырады көктем

2
0

Share:



Елестеттім көктемді гүл ашқан,
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.
Алыстарға жетеле, еремін.
Сені ғана бақыт деп сенемін.
 
 
Қайырмасы:
 
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер арманым, аялай бер!
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көгорай бел!
 
 
Қолыңды бер, жатсынба, арманым,
Сәуледей боп аяла таңдағы.
Шақырады жас көктем гүлімен,
Шақырады жасыл бақ жырымен.
 
 
Қайырмасы:
 
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер арманым, аялай бер!
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көгорай бел!
 
Роза Рымбаева, Шақырады көктем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

19.10.2015