Қырманға кел қалқатай (ft. Серікбол Сайлаубек) lyrics

Роза Рымбаева

2017

9
2

Share:



Күн сүйеді бетімді, қыз сүймеген
Ту қададым тың жерге қол тимеген
Бұлаңдамай алыстан, қырманға кел
Кім бар екен еңбекке бас имеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып

Бермей-ақ қой орамал кестелеген
Бірге жүрші бидайға дестеленген
Жалқау болсаң ақ саусақ, қызыл тырнақ
Біз болар ек сендейді ескермеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Қырманға кел, қалқатай
Білегіңді сыбанып

Роза Рымбаева, Қырманға кел қалқатай (ft. Серікбол Сайлаубек) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Шырын Разиева

19 2017

Дауыстары керемет!

Дамир Мейрхан

Corrected text

26.07.2017