Патша мен ажал

Өмірзақ Сұлтанмұратов

2018

1
0

Share:





Загрузка...



Ажал қалай келеді адамға деп
Шыбын жанын суырып аларда деп
Баяғыда бір патша мақтаныпты ей
Көрсетсін кереметін мағанда кеп
Қылышын қайта қайта қайрата кеп
Садағын көкке кезеп айға атады
Ажалды да осылай өлтірем деп
Күнде бір жазықсызды ау жайратады
Көзіме көрінуге қорықты деп
Ажалдан ақырында торықты кеп
Өмірдің ыры кетіп ылдиы қып
Кеудесінен кетпейтін қоныпты ау деп
Ауырып әлсіреген болса дағы
Әліде алжымаған ол саналы
Қалың күзет қақарлы қол басшылар
Қауіпсіз жерде жатыр қоршамалы
Ақырын ажал сонда кіріп келді
Баяғының бәрін сонда біліп келді
Жаныңды жаханнамға жіберем деп
Кеудеңді қалдырам деп кілттеулі
Жарамай жатқанымда ұрысқа деп
Патша айтты осың сенің дұрыспа деп
Қолыда көтерілмей қала берді
Қайраулы қасындағы қылышқа кеп
Жерде бір жүрген ғой деп түкпірдегі
Қанша жыл қаруланып күттім сені
Ақыры алысуға әлім болмай
Ақыры ақымақ болып біттім деді
Ажал айтты айырылып барлығынан
Аламда адамды жарлы қылам
Жасырынып жеткесінде жатамында
Әлсіреген уақытысын аңдып тұрам
Жүремін арыстан боп ақырмастан
Жер түгілі біледі ғой атымды аспан
Пендеңмен ақылдасып мен жүрмеймін
Сондықтанда мен келемін шақырмастан
Көрмедім ақымақтың ісіңді жөн
Жасадым бірте бірте күшіңді кем
Аз ғана ақылыңды қалдырам ай
Ақыры осы күйге түсірдім мен
Осылай аяқталды мысал дастан
Өлшеулі өмірден бұл ұшар бастан
Аңыздағы мақтаншақ патшадай боп
Кейбіреу күледі қызармастан
Ажалға көп тіліңді тигізсеңдер
Қалады өміріңіз ұзармастан



Өмірзақ Сұлтанмұратов Патша мен ажал lyrics, Өмірзақ Сұлтанмұратов 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

19.12.2018
Users