Нұржан Асхатұлы Бір шаңырақ астында (2016) lyrics

Бір шаңырақ астында lyrics

Нұржан Асхатұлы

2016

0
0

Share:


Жарық күн бар,
Күн бар жерде жарық бар.
Жарық күннен жылы сәуле алып қал,
Сол сәулемен күн кешуде бөлісіп,

Бір шаңырақ астындағы халықтар.
Күн дегенім – Тәуелсіздік тұғыры,
Бақытымыз, бар бағымыз бір ұлы.
Сәуле деген сол ұғымның жемісі,

Тату-тәтті сәтке толы ғұмыры.
Тәтті сәуле тәтті нұрын құйып тұр,
Біздің елде бар қауқарын жиып бір.
Бір-біріне ұқсамайтын саусақтар,

Бүгілгенде бір жұдырық түйіп тұр.
Бауырларға бауырмалдық сәті еніп,
Сол қасиет жетістікке әкеліп.
Ынтымақ пен бақ-береке тұрғанда,

Бірлігіміз жоқ екен, деу - қателік.

Қорғаушым да, қолдаушым да болып бір,
Жарылқаушым, бақытыңа жолықтыр.
Сан тағдырлар бір арнаға тоғысып,
Бір жүректің дүрсілі боп соғып тұр.






Admin

Added Lyrics

04.05.2016