Ғашық сезім lyrics

Нұрсұлтан Болат

Ғашық сезім

0
0

Share:


Сені көріп ғашық сезім,
Оянғанын сезбедім.
Сен жоқ жерде сол сезімді
Байқамадым көрмедім.
Өзіңді ойлап күні - түні,
Жанға маза бермедің.
Тағдырымыз бір ме әлде,
Соған жауап іздедім.

Сенің көзің, сенің сөзің,
Мен үшін жаралған тегінде,
Шаттанамын, шапағатым.
Өзіңді бір көргенде.

Махаббаттың мен отына,
Күйдім дағы ерлендім
Сол бір кеште мен өзіңе,
Сүйем дедім сенбедің.
Ұмытылмас сол бір кешті,
Қалай ғана жасырам
Қос аққудай бірге ұшқан.
Айдын көлде тасыған.

Сенің көзің, сенің сөзің,
Мен үшін жаралған тегінде,
Шаттанамын, шапағатым.
Өзіңді бір көргенде.

Сүйем сені жан сезімді,
Ғашығым, асылым аңсаған.
Нұрлы әнім толғанамын.
Өзіңді бір көргенде.
Нұрсұлтан Болат, Ғашық сезім lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.10.2015