Share:



Қабағына қараған мейіріне ораған
Бақытына балаған бізді
Мынау жарық жалғанда шың жанашыр жан бар ма
Әлдилеген атын анаңнан кейін әкең ізгі

Қайырмасы:
Әке деген асыл жан
Мәпелеген жасыннан
Ақылшын боп қашанда табылатын әркез қасымнан
Аялаған қолынан
Аямаған жылуын
Әкелердің бәріне ұзақ қылсын Алла ғұмырын

Тәрбиесі тәлімі тектіліктің тамыры
Қымбат оның қадірі білсең
Тек жақсылық тіледі тынышталмай жүрегі
Қуанады жаны мұңаймай жадырап жүрсең

Қайырмасы:
Әке деген асыл жан
Мәпелеген жасыннан
Ақылшын боп қашанда табылатын әркез қасымнан
Аялаған қолынан
Аямаған жылуын
Әкелердің бәріне ұзақ қылсын Алла ғұмырын

Нұрмұхаммед Жақып & Ақылбек Абзалұлы, Әке lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Шұғыла Әлкенова

12 2017

оте керемет ан екен

09.10.2017
Users