Қарттарым, аман-саумысың

Нұрлан Албан

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман саумысың
Өздерің болсаң жанымда
Ерісе жомарт еңселі
Дән исі жүрген қаныңда
Даланың бір бір бөлшегі
Арада жылдар жөн көріп
Алыстап кеттің біртіндеп
Айталмай ауыз толтырып
Ассалаумағалейкум деп

Өзге менде бір жоқ тілек
Өздерің көзбен баққаның
Жайлы жер іздеп кетті деп
Жазғыра көрме қарттарым
Ердімм бір сиқыр ғаламға
Шығардым белге жыр күшін
Болған жоқ алаң далам деп
Әулие қарттар жүргесін

Жанды ғой бала даланың
Сендерге қуат дем берсін
Киесіде оның сендерсіз
Иесіде оның сендерсіің
Алдымда жүрсе көзімнің
Асылым алтын қазынам
Ауыра қалсаң өзіңнің
Пейіліңмен ақ жазылым
Сағынып талай жыр туар
Мадақтар әлі сан жыршы
Даланың иісі бұрқырап
Қарттарым аман сау жүрші

Нұрлан Албан Қарттарым, аман-саумысың lyrics, Нұрлан Албан 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

19.12.2018
Users