Махаббатым

Нұрболат Абдуллин

2018

14
0

Share:





Загрузка...



Мен өзіңді сүйдім, сүйдім
Жалыныңа кұйдім, күйдім
Өртедің жанымды
Арнадым әнімді
Жүрегім тұр үнсіз жылап
Жатыр онда жалғыз сұрақ
Қойған сауалы
Белгісіз жауабы

Қайырмасы:
Махаббатым сен қиял бағым
Жүрегіме сыя алмадың
Сүйкімдім сен менің
Білмедім себебін
Сен сүйгенді неге сүйе алмадың.

Сүйе алмадың қалай мені
Сүю заңы солай ма еді
Айналған елеске
Жаным сен емес пе
Көз ілмейтін таңдарымда
Қала бердің арманымда
Қарайлап жолыңа
Қонбадың қолыма

Қайырмасы:
Махаббатым сен қиял бағым
Жүрегіме сыя алмадың
Сүйкімдім сен менің
Білмедім себебін
Сен сүйгенді неге сүйе алмадың.

Сақталған бейне суретте
Тәтті арман қалдың түнекте
Қайтесің сүймесе
Әмір жоқ қой жүрекке.
Нұрболат Абдуллин Махаббатым lyrics, Нұрболат Абдуллин 2018


Загрузка...





Admin

Corrected text

12.09.2018
Users