Share:





Загрузка...



Қолыма домбыра алып терме айтайын
Ей алла барлығына сенде мейір
Жолына жамандардың теңгер мейін
Бес алты күн жалғанда
Мендағы жұрт қатарлы өткізейін өткізейін-ай

Жамандарға қосылсаң-ай зор боларсың
Үйіңе пайдасы жоқ сор боларсың
Айтқан тілін алмасаң ата-анаңның
Ақыры бір күн келіп қор боларсың

Анығын білу керек әрбір заттың
Жақсы мен жаман адамды ажыратқын
Дүниенің түсіп қалсаң қақапанына
Өмір көңіл өткерген азырақ күн

Дүние өтер кетер бес күн жалған
Адамды тоздыратын ой мен арман
Деп осындай жете алмай дегеніне
Оларда бұл өмірден қанып қалған

Дауылдай жалған дүние ала сұрған
Бұл өмір адам үшін жаратылған
Ішкілікке беріліп көп жігіттер
Айырылып қалады екен бар ақылдан

Сондықтан жоламайық ішкілікке
Әр қашан қолыңды соз жақсы үмітке
Көп адамдар түсінбей қалғанымен
Қалады-ау көп кісілер түсініпте

Жамандар мәз болады ай мұратына
Мақтаныш қып қалады ау жүр атына
Адал адам жетеді әр қашанда
Өзінің ізгі ниет мұратына


Нұрбол Тұрысбеков Дүние lyrics, Нұрбол Тұрысбеков 2016


Загрузка...





Admin

Corrected text

02.11.2018