Туған күн lyrics

Н.Дүкенбай

Туған күн

1
0

Share:


Ақ бесікте аялаған құлыным,
Анаңның сен естіп өстің әлдиін.
Әрбір басқан қадамыңа арналар,
Жүрегімнен жарып шыққан ән-жырым.
 
Қайырмасы:
Қуанышым, шаттығым,
Туған күнің сәтті күн.
Айды әпер деп сұрасаң,
Әперемін дәп бүгін, дәп бүгін.
 
Өкпелейсің, бұртиясың наз қылып,
Менің мынау көңілімді жаз қылып.
Былдырлаған бал үніңнен айналдым,
Дүйім жұртты таңдандырған мәз қылып.
 
Қайырмасы:
Қуанышым, шаттығым,
Туған күнің сәтті күн.
Айды әпер деп сұрасаң,
Әперемін дәп бүгін, дәп бүгін.
Н.Дүкенбай, Туған күн lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015