Қазақ қыздары

Назар

2018

5
1

Share:





Загрузка...



Қызғалдақтай қырдағы
Жайқалып тұр гүл бағы
Əдемі ең сұлу қазағымның қыздары

Шығысымның сұлулары асқақ əнсің жолда
Шаш бауыңмен мақтанам
Өр алтайдың биігіндей өр мінез
Қадірімен қасиетін сақтаған

Қызғалдақтай қырдағы
Жайқалып тұр гүл бағы
Əдемі ең сұлу қазағымның қыздары

Тəлімменен тəрбиенің мəйегі мəйегі
Қас сұлудан əр ханзада дəмелі дəмелі
Ар менен абыройын сақтаған
Оңтүстіктің арулары арулары əдемі.

Пах шіркін апырмай
Мұқағали сұлуларды көп дейді
Бола берсін сұлу қыздар көп мейлі
Салтын сақта дəріптейтін дəстүрін
Батысымның қыздарына жетпейді.

Ей жігітім жігітім жігітім.
Келер болсаң мөп мөлдір сезіммен кел
Серт болатын семсердей сөзіңмен кел
Егер қолың жетпесе əуре болма
Мұқағали атамыз айтқандай
Өз обалың өзіңе өзіңнен көр.

Қызғалдақтай қырдағы
Жайқалып тұр гүл бағы
Əдемі ең сұлу қазағымның қыздары.

Қолы жеткен шын бақытқа кенелет кенелет
Шамам жетсе жеті түнде өлеңет төлеңет
Ақан сері Біржан салдар жырлаған
Сары арқаның сұлулары сұлулары керемет.

Қызғалдақтай қырдағы
Жайқалып тұр гүл бағы
Əдемі ең сұлу қазағымның қыздары.
Назар Қазақ қыздары lyrics, Назар 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

30.03.2018
Users