Наурыз келді lyrics

Н. Дүкенбай

Наурыз келді

1
1

Share:


Наурыз келді далама,
Наурыз келді қалама.
Қуанады ата-ана,
Қуанады бала да.


Оң болды да жорамыз,
Төлге толды қорамыз.
Айран, қымыз толығып,
Аққа толды шарамыз.


Наурыз болсын әніміз,
Наурыз болсын сәніміз.
Наурыз көже көп ішсек
Жасарамыз бәріміз.

Н. Дүкенбай
Н. Дүкенбай, Наурыз келді lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Кумис Матенова

15 March 2018

не мынау өлеңі жүрмейді

GM

Added Lyrics

28.10.2015