Майдангер аталарға lyrics

Н. Дүкенбай

Майдангер аталарға

0
0

Share:


Майдан кешіп далада,
От жалын лаулап арада.
Жауға ұмтылған тайсалмай,
Тек ерлік ойда, санада.


Қайырмасы:
Аталарым қайратты, айбатты,
Жеңіс туын жайнатты.
Аталарым жүректі, білекті,
Шат өмірді түлетті.



Байлап алып жараны,
Қорғап әрбір қаланы.
Жауды қуды орманнан,
Өзеннен кең жағалы.


Қайырмасы:
Аталарым қайратты, айбатты,
Жеңіс туын жайнатты.
Аталарым жүректі, білекті,
Шат өмірді түлетті.



Туды тербеп жел тұрды,
Құшаққа алды ер гүлді.
Қырандары өр елдің,
Алды қамал – Берлинді.


Қайырмасы:
Аталарым қайратты, айбатты,
Жеңіс туын жайнатты.
Аталарым жүректі, білекті,
Шат өмірді түлетті.

Н. Дүкенбай
Н. Дүкенбай, Майдангер аталарға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015