Сайлау деген елге бір бүлік болды lyrics

Мұсабек Байзақов

0
0

Share:


Сайлау деген елге бір бүлік болды,
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Не нарлар түсті базар жетектеліп,
Шашылды ақша көшеге етектеліп.
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне,
Ешкім шыдас берместей төтеп келіп.
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байғұс амалдап жүр.
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,
Айғырлай қамшы кесті шабандап жүр.
Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,
Ата- бала, ағадан- іні кетіп.
Бала қораз секілді не мырзалар,
Қызыл шақа боп қалды-ау жүні кетіп.
Пара жеп болыс қойды қалағанын,
Біртіндеп алды барып және малын.
Сайлауда көп құтырған бөрі болды,
Ортаға ап оңдырмай тұр талағанын.
Мұсабек Байзақов, Сайлау деген елге бір бүлік болды lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016