Дін Ислам - діңгегім

Мұхамеджан Тазабеков

2018

2
0

Share:





Загрузка...



Жанын қиып өту үшін жалғанда
Бұндай намыз әр адамға қонғанба
Қара қытай аттамас еденді
Қанібектей бір туған балаңды

Суыққада түсіп көрген Қанібек
Ыстыққада түсіп көрген Қанібек
Асытындағы жалғыз атын жаяуға
Жаяуға алып түсіп берген Қанібек
Жазықсыздан ұшырасақ жазаға
ЖАр құсындай ұшып келген Қанібек
Сені көрсе өңкей қорқақ қарақшы
Бұралы иттей зытып берген әні деп
Талатпайтын елін жұртын басқаға
Сенен ақыл сұрааушы еді ау бәрі кеп
Бірақ рет өледі тұғын күнде өлмей
Батырларда жалғыз тұқым қалып еді
Қас батырды қабылыста ататын
Қас күнемнің атасынай лағынет ай
Мақтағанға тіл жетпейтін Қанібек
Ақтағанға сын жетпейтін Қанібек
Өміріңді сатып алса алладан
Бір күніңе құн жетпейтін Қанібек
Бір мың жылда жалғыз рет туылып
Бұл өмірден күнде өтпейтін Қанібек
Асқақтаған рухын өлшеуге
Аспандағы шың шетпейтін Қанібек
Екі дүние бұ жақпенен бұжақта
Бізден бір кетпейтін Қанібек
Шибөрідей ши түбіне тығылып
Кейбіреулер дірдектейтін Қанібек
Қасым оғаттан құйып қойған Қанібек
Бар жақсыны ұйып қойған Қанібек
Бір бойына жиып қойған Қанібек
Әлсіздерді қинап қойған сізді көрсе сиіп қойған Қанібек
Дос дұшпан бәрі бәрі өзіңді
Басқалардан биік қойған Қанібек
Атақты үйіп тура болған Қанібек
Талай талай дуда болған Қанібек
Ел басына екі талай күн туса
Атқа қонған тура қонған Қанібек
Досың түгіл дұшпан саған сүйініп
Қарасаймен Наурызбайдан кейнгі
Шапыраштыға тұлға болған Қанібек
Қан қораған қоса кетті ау Қанипа ай
Олар атқан жансыздарға лағынет ай
Жолбарыстан білек алған Қанібек
Қабыланнан жүрек алған Қанібек
Өмірімде батыр болған Қанібек
Көңілінен ақын болған Қанібек
Жан адамды бөлмейтін Қанібек
Қорлағына көнбей тұғын Қанібек
Жеті оқпенен атып сындар бірақта
Жетпіс оққа өлмей тұғын Қанібек
Руға жүзге бөлінбейтін Қанібек
Жерде жатып желінбейтін Қанібек
Егер ұлтқа тіс батырса тышқандар
Аш қасқырдай бөліп жейтін Қанібек
Қанекеңді қара жерге көмсеңде
Қасиеті көмілмейтін Қанібек

Мұхамеджан Тазабеков Дін Ислам - діңгегім lyrics, Мұхамеджан Тазабеков 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

28.11.2018
Users