Мен сені іздегенмін lyrics

Меруерт Түсіпбаева

1
0

Share:


Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін,
Табудан үмітімді үзбегенмін.
Сенбесең, үңіл менің іздеріме,
Сауырын соқпақ еткен, жүзбенен мұң.

Қайырмасы:

Жан едім жапан түздің киігіндей,
Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей
Жаным-ау алдың баурап //2 рет
Жаным-ау алдың баурап, иірімдей.

Бозартып, көңілімнің көшкіні еткен,
Басымнан талай-талай- көшті көктем.
Тамшы боп тереземді қаққақн сонда
Дүрсілін жүрегімнің естімеп пе ең?!

Қайырмасы:

Құшағың қарсы алдымнан тұрса да ұшып,
Өзгеге болмап едім, мұнша ғашық.
Сәлемің сенің ғана серпілтеді
Көңілім көп нәрседен жүре жасық.

Қайырмасы:
Меруерт Түсіпбаева, Мен сені іздегенмін lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

20.12.2015
Music Videos
Меруерт Түсіпбаева
Мен сені іздегенмін