Жақсы бір адам қартайса

Мейрамбек Беспаев

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Ал білерсің таңның атарын көрерсің күннің батарын
Кейінгі жұртқа меймансың кеткен соң құрбы қатарың
Керуен кетіп барады ей нар менен тізіп атқандай
Жарық дүние аман бол тең құрбы өскен атарың мекен ей

Ептеп кісі бай болмас маңдайға құдай бермесе
Өлемін деп кім ойлар ажалы жетіп өлмесе
Жылағанмен не пайда жиылған жұрт көрмесе
Тыңдағанмен не пайда тыңдаушы баға бермесе

Дүниеге мейман мақтансаңда ау тілерсің
Өлшеніп берген өмір бар уақытыңменен жүрерсің
Бір күндері ау қапа боп бір күндері ау күлерсің
Бір қалыппенен еш пенде бітіре алмас үлесін ей

Ажал келсе жатқызар маңдайдан басқан ұйқыдай
Пендені даулет мас қылар қыраудан кешкен жылқыдай
Бауыры бүтін бас есен сағынар сауық күлкіні ай
Қызықтырған түлкідей дүние өтер бір күні ай

Жақыннан күдер үзгендер жақынын тұрып жат қылар
Жылқыдан күдер үзгендер биесін сатып ат қылар
Жақсы болса ағайын көңіліңді шат қылар
Жаман болса ағайын өзін өзі жат қылар ай

Жаман тоймас мал десе жиқан тоймас жер десе
Ер тілеуін береді ау ертеде тұрып ел десе
Ұят беттің пердесі қымбатты ердің зердесі
Қожа ақынның ыбырат қылып айтқан термесі



Мейрамбек Беспаев Жақсы бір адам қартайса lyrics, Мейрамбек Беспаев 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

06.11.2018
Users