Майлықожа термесi

Мейрамбек Беспаев

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Жақсы бір адам қартайса көкірегі хат болар
Жаман бір адам қартайса бықсып бір жанған от болар
Жақсы қария белгісіз жанып тұрған шоқ болып
Жаман қария белгісі қайран боп қалған сал болар
Əдепті өскен боз бала ырғалып өскен тал болар
Əдепсіз өскен боз бала жүрген жері дау болар
Əдепті тəлім аларсың жақсының ерсең қасына ай
Төбенің шығып басына бақыт құсы қонар басыңа ай

Жақсының алла болады ісі қалаған
Көшіп дəулет біреуден біреуге қонар жаңадан
Мақтаныш сөз шығар ақылы жарым шала баладан
Сенің өсуің атадан жəне баладан
Күшіңе көңілің сенбесе көтерме көптің салмағын
Өз қадірің болмаса күлкі қылып жүрер жан жағың
Мезгілінде қонақтап ұшқан қалықтап қаршыға
Қазынасын берген алланың сірə тарсынған
Өзіңе де кезек бар өлгенді көріп жасыма
Нелер келіп не кетпес ержігіттің басына
Бұл дəурен екі келмейді шапқанда атың қамшылап
Басыңнан дəулет кеткен соң
Жаман дос келмес қасыңа ой

Сарқырар су саладан ақыл сөз шығар данадан
Орнына келмейді өтірік сөз жалғаған
Қарыздар болсаң жаманға тар жерде алар жағадан
Өлеріңде өкінер байлыққа сенім байлаған
Жақсы бір болса алғаның қоғамды болар жан жағың
Жаман бір болса алғаның үйіңнен кетпес жан жалың
Бала шағаң ортаң қоршаған ортаң бау бағың
Өкінбессің өмірден осының бəрін ұғып алғаның

Мейрамбек Беспаев Майлықожа термесi lyrics, Мейрамбек Беспаев 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

06.11.2018
Users