Share:



Күз, аспан, жазым, селдетеді, өзгеше өмір еңсем
Жанымда бір күй тербетеді, жарқыным сені көрсем
Тербеткен жанды қандай сезім, түскенде көңіл-еңсем
Бір ғажап шіркін балдай сезім баурайды сені көрсем

[Қайырмасы]
Сені ойлап, балғын ғұмыр кештім
Сені ойлап, тағдыр мұңын кештім
Сені ойлап, сағынышым менің
Жабыққан жанның күнін кештім

Түңіліп тағы гүлсіз дала, жылайды жаңбырлы күз
Қоштасып кетті үнсіз ғана жазғырмай тағдырды біз
Қараша күз ғой бәрін білген, қарайды көз мұңайып
Тағдырға іштей бағындым мен, таба алмай сөзді лайық

[Қайырмасы]
Сені ойлап, балғын ғұмыр кештім
Сені ойлап, тағдыр мұңын кештім
Сені ойлап, сағынышым менің
Жабыққан жанның күнін кештім

Əні: Ұлықпан Жолдасов
Сөзі:Қалқаман САРИН
Мейрамбек Беспаев, Мәдина Сәдуақасова, Жаңбырлы күз lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Ұлжалғас Сейтжан

09 2016

Мейрамбек аға Мадина əн өте əсерлі . Маған сондай ұнады.

Ернар

06 2017

Керемет лиртка!!!

Катира Кулымбетова

05 2017

Тарихта қалатын тума талант иелері...бала күннен сүйіп тыңдаймын əндерін

Admin

Corrected text

30.12.2016
Users