Қазағым

Мейрамбек Беспаев

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Дүние қызыл жасылды
Сан ұрпақ саған бас ұрды
Толқында толқын қазақтың
Топырақ жүзін жасырды
Өткізіп қилы ғасырды
Ырысым жатқа шашылды
Тауменен тасқа соқтым мен
Халқым деп ғазиз басымды
Ноғай қып оны аңырадым
Отырар болып қаңырадым
Ақтабан болып шұбырып
Далада қалдым сондығым
Семейде болып сенделдим
Ертісте болып емделдім
Қасіретімнен қайысып
Қызығыңды ау кем көрдім
Нағында болып ұлыдың
Аралда болып құрыдым
Желтоқсан болып борадың
Лақтырып тағдыр құрығын
Төріме деп жұмақтың
Мен сені ұнаттым.
Асан қайғыны зарлатып
Яссауйды ау жылаттың
Кесіле жаздап тілім ей
Үзіле жаздып дінім ей
Қиямет қайым жолдармен
Құралап жеттім бүгінге ей
Тағдырдың шəл кез сұрағы ай
Көңілде күй боп тұр алі ай
Бөлініп қалған даламнан
Бейіттерінен сөз жылыды ей

Дүние ай сені нетермін
Мендағы бір күн өтермін
Керуенде керуен ұзаған
Мен армандарыма жетермін
Дүние ай сені нетермін
Көз жұмарда кетермін
Сайында сайында даламда ай
Кімдерге тастап кетермін
Жүрегін жаудың қақ тілген
Алшайтып тұрып ат мінген
Қазақпын деп мен мұңға баттым мен
Қазақ деп жылап жаттым мен
Көзімде мұң табағар
Ерінде шөлдің зары бар
Жетім ботадай боздадым
Сөз ұғар біреу табылар
Алдыма түсті ау жабылар
Жабыларданда жалығар
Қазақтың зарын айтты ау деп
Мені де жоқтар сағынар
Қазақтың зарын айтты ау деп
Мені де жоқтар сағынар

Мейрамбек Беспаев Қазағым lyrics, Мейрамбек Беспаев 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

06.11.2018
Users