Share:



Жанымда жүргенің
Бақыт деп білгенім
Әттең ол сағым екен.
Мен жетпес гүл ме едің
Еркелеп күлгенің
Өзгенің бағы ма екен.

Сәт сыйлап қас қағым
Кеттің де тастадың
Жазықсыз сезімді отқа.
Елеспен тілдестім
Елеусіз күн кештім
Ардағым өзің жоқта.


[Қайырмасы]
Сен жоқта айналаны,
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай суық қара тасқа
Құс жастық айналады.

Сағынам әлі де
Сен жайлы бәріде
Санамда ой жүрсе мың
Көз салмай бір қызға
Ең жарық жұлдызға
Атыңды қойдым сенің.

Не қиып кете алмай
Не саған жете алмай
Әурелі күйде жүрмін
Жолыңды тосқаным
Әніме қосқаным
Дәлелі сүйгенімнің


[Қайырмасы]
Сен жоқта айналам,
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай су, қара тасқа
Құс жастық айналады.
мейрамбек, беспаев, бесбаев, meirambek, bespayev, besbaev, bespaep, besbaeb, беспаеп, ернар, айдар, ernar, aidar, aydar, Сен жоқта lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Жансая Ахметова

03 2018

Әнге рахмет жақсы шыққан

Ляззат

04 2018

Тамаша ән

Кунанбай Утеулиев

06 2018

керемет ән ,

14.08.2018