Ана өсиеті

Мейрамбек Беспаев

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Бұл жалған қайтып келмейді ай
Өгіз бір аттай желмейді ай
Тарылып мына ту тыныс
Айлады түнде көбейді ай
Науқасым жаман қарағым
Демедің мені өлмейді ай
Баяғы дай дəрмен жоқ
Сөйлеуге шамам келмейді ай
Баласы түзу ата ана
Жаман болсын демейді ай
Бірлігің болсын қарағым
Бірліксіз тірлік өнбейді ай
Айналдырған ауырым
Өлімге мені меңзейді ай
Жыл бітсе не шара
Заман қылса сендерді ей
Қысылып шыққан қаңтардан
Бір жіпсіз шыбық талдайсың
Қанатың əлі қатпаған
Сары ауыз балапандайсың
Он төртке жаңа толсаңда ай
Жан ботам маған нұрдайсың
Білмесең өзің қарағым
Білгеннің тілін алғайсың
Басыңа қиын күн туса ай
Жанашыр таппай зарлайсың
Тыңдап ал балам ақылды ей
Бұдан жаман болмайсың

Ата ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің
Ағайынның қадірін жаралы болғанда білерсің
Жамандық қылсаң жақынға ай
Көрісе алмай жүрерсің
Үйірден безген сəулетті ой
Жапанда жалғыз түнерсің
Тісі шыққан балаға ай
Шайнап бір берген ас болмас
Басыңа түссе көрерсің
Сыйлап жүр əрбір пендені
Жете біл балам қарқына
Көтеріп жүр кеудеңді ай
Көп үшінде шалқыма
Кім болсада қанша білемін
Бас иіп жүр халқыңа
Қос інің бар қарағым
Қарайлап жүр артыңа
Тигізбесін тіліңді ей
Əкеңмен менің атыма ай

Бөлінгенді бөрі жейді
Деген бір қазақ сөзі бар
Сырттай саған білдірмей
Аңдыған дұшпан көзі бар
Бір бұйырдан таласпай
Үшеуің теңдей бөліп ал
Əрбір істің қарағым
Өз жөніменен жолы бар
Жылысада тағаның
Итте бір күнін көре алар
Адам бол енді жан балам
Адам бол балам тілімді ал

Бай болсаң балам тасыма
Кедей болсаң жасыма
Нелер келіп нелер кетпес ай
Ер жігіттің басына ай
Қанағат қыл тəуба деп алдыңдағы асыңа
Тыңдап ал балам ақылды ой
Көп болмаспын қасыңда
Болған іске бұлаттай
Бол деп еді анам жасымда
Деп кейін айтып жүрерсің
Ақылың болса басыңда
Келгенше балам қолыңнан
Жақсылығыңды асырғын
Сүзілмессін соңынан
Жамандығыңды жасырғын
Ұрлықпен жалған өтірік
Болмағанда кəсібің
Болмашыға кетірме ей
Қадірін жап жас бачыңның
Ел іші алтын бесік ғой
Таусылмас балам нəсібің
Баласы еді өсірген
Адам бол енді жан балам
Сыйласаң ағын шашымның
Қолыңды созсам сұраусыз
Егізсіз жатқан бұйымта
Бачыңнан балам арылмас ай
Кез боларсың қиынға
Жаман атың бір шықса ай
Қадірің қалмас адамға
Алалмайсың айырбастап дүниенің құнына
Болмашыға еліктеп кесірге жаным ұрынба
Тірнектеп тапқан дүниеңді ей
Шашпағын бекер шығынға
Ішімде кетті ау арманым
Дүниенің білдім жалғанын
Көре алмай қызықтарыңды ой
Арманда кетіп барамын
Ошақ мал жанын аманат қылып ал жаным
Сөндірмес балам отыңды ой
Ақылды болса алғаның
Жаста болсаң жан балам
Өзіңе арттым салмағын
Шамаң келсе жылына ай
Бір малды құрбандық шал жаным
Келмесе шамаң қысылмай
Разы болсын əруағым
Көресің балам кезінде ей
Тағдырын басқа салғанын
Айтқанымды ұмытпа ай
Адам бол балам қалайда
Дүние іздеп құнықпай
Есіңде болсын жарайма
Ілінбесең қырсыққа ай
Жетерсің балам талайға
Күлкіңді қылма шешеңді ой

Мейрамбек Беспаев Ана өсиеті lyrics, Мейрамбек Беспаев 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

06.11.2018
Users