Кетпеші алысқа lyrics

Медет Рахымбергенов

Кетпеші алысқа

0
0

Share:


Көріп сені сол күні
Ғашық болдым өзіңе
Ғашық болып ғашық болдым
Мөлдір қара көзіңе
Жаным сенші сенші маған
сенші маған әрқашан
Жан жетпейді жан жетпейді
Бұл дүниеде өзіңе

қайырмасы:
Жаным ау сағынам сені
Жүрмеші сен алыста
Сағынышпен күттім сені
Кетпеші енді алысқа

Түсімде көремін сені
Ұйқымда жатқан шағымда
Көремін сені қымбаттым
Ғажайыптар бағында


Ойлаймын сені аяулым
Ойлаймын әркез жалықпай
Жүрегім менің сен деген
Құс болып ұшар қалықтай
ойлайсың ба мені жаным
сағынасың ба мені
Бір болсақ деп қос аққудай
Армандаймын жалықпай


қайырмасы:
Жаным ау сағынам сені
Жүрмеші сен алыста
Сағынышпен күттім сені
Кетпеші енді алысқа

Түсімде көремін сені
Ұйқымда жатқан шағымда
Көремін сені қымбаттым
Ғажайыптар бағында
Медет Рахымбергенов, Кетпеші алысқа lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015