Туған күніңмен lyrics

Медет Өтегенов ft. Парасат Ыбраев

Туған күніңмен

0
0

Share:


Есімде әлі сол жылдар, айлармен күндерім,
Өнер — өмір ағысы алға тартқан ілгері.
Сен бір маған ғашық жансың байлаған үмітін
Тағдыр салған кездесу бойжеткен мен жас жігіттің
 
2010 жыл ақ жайық алаңында,
Өнер сыйлап халқыма ештеңе жоқ ойымда.
Сол күнді білемін ұмытылмай есте қалды,
Кездестіріп өзіңді таныстығымыз басталлы.
Сол таныстық әрі қарай достықпен жалғасты,
ММS арқылы жиі суретпен алмастық.
Есіңде ме саябақ сондағы кеште,
Кездесуді жазыпты тағдыр бізге сол кезде.
Енді біз біргеміз болайық мәңгі,
Бола берсін көшеде көктем, жаз, қыс мейлі.
Байқамаппын да сезбеппін арты не боларын,
Шын сүйгені болыппын өзім сүйген жанның.
Сені күнім дейін десем, күннің бетін бұлт жабады,
Сені айым дейін десем, ертесіне таң атады.
Өмірім дейін десем білесің өмір жалған,
Мен үшін сен сыйысың тәңір жалғыз жаратқан
 
Қайырмасы:
Аруымсың менің аңсаған,
Сұлулығыңа мен тамсанам.
Сүйемін деп жаным сені жар салам,
Аяулым, аяулым көрмесем өзіңді сағынам.
 
Арамызда шақырымдар Орал мен Алматы,
Жеткен болар СМС тілегімнің хаты.
Түніменен жазылған енді міне таңда атты,
Туған күнің, құттықтаймын, сүйемін сені қатты!
Сүйемін сыйлаймын өзгелерден тым бөлек,
Қыдырамыз киіп ал әдемі, сәнді көйлек.
Бір сөйлеп, бір күліп, айнаға қарап таранып,
Бұл тағы елес жүрмін сені сағынып.
Сен жоқ болсаң жанымда мен де бір қаранып,
Сен келіп қалатындай жайлап есік қағып.
Үмітім үзбейді келердей тосын сыйдай,
Сен деп соққан жүрегім барады сыймай.
Осы әнім жаным саған, туған күнің құтты болсын!
Жүректен шыққан сөздерім жүрегіңе барып қонсын!
Тілерім саған енді қайда барсаң жолың болсын,
Жүрген жеріңде жаным ойың тек менде болсын.
 
Қайырмасы:
Аруымсың менің аңсаған,
Сұлулығыңа мен тамсанам.
Сүйемін деп жаным сені жар салам,
Аяулым, аяулым көрмесем өзіңді сағынам. 
 
Еркелік пе, еркектік пе өзіммен дара тұлғамын,
Сәби сүйгім келеді дәл өзіңнен жаным.
Сол арманға жетейік Тәңірден тілек тілеп,
Дәл осыны тілейді саған ғашық жүрек 
Медет Өтегенов ft. Парасат Ыбраев, Туған күніңмен lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

19.10.2015