Сол күндер lyrics

Медет Өтегенов ft. Парасат Ыбраев

Сол күндер

0
0

Share:


Айларым менің,
Жылдарым менің - арман.
Біздерді айырған, алдамшы өмір - жалған!
 
Ұмыту қиын екен өткен күнді бірге,
Өзге жанның құшағына еніп жүрсің түнде.
Айтшы жаным, кім кінәлі осының бәріне?
Өзім сүйген еркем, еркем...
 
Қайырмасы:
Маған ғашық болған талай жандар армандайды,
Жүректі мазалайды, өзіңдей бола алмайды.
Қайда сол күндер, жаным? 
Сол түндер жаным...
Айлы түнде махаббатқа бөленуші едік,
Өзіңе сенуші едім, құшақтап сүйуші едім.
Қайда сол күндер, жаным?
Сол түндер жаным...
 
Сағынып жүрмін мен,
Өзіңді еркем, арман.
Өзіңдей аяулы аруды қайдан табам?
 
Ұмыту қиын екен өткен күнді бірге,
Өзге жанның құшағына еніп жүрсің түнде.
Айтшы жаным, кім кінәлі осының бәріне?
Өзім сүйген еркем, еркем...
 
Қайырмасы:
Маған ғашық болған талай жандар армандайды,
Жүректі мазалайды, өзіңдей бола алмайды.
Қайда сол күндер, жаным? 
Сол түндер жаным...
Айлы түнде махаббатқа бөленуші едік,
Өзіңе сенуші едім, құшақтап сүйуші едім.
Қайда сол күндер, жаным?
Сол түндер жаным...
 
Өмірім сенсіз өтуде әлі, сенесің бе, жаным?
Кеудемде жүрек жаралы, ата берді таңым.
Сенсің бағым, арман - арман,
Арман - арман, осының бәрі жалған.
Өзіңдей сұлу көркем аруды енді қайдан табам?
Жұлдызым сенсің, айым да сенсің,
Аспаннан жауған нұрым да сенсің.
Күн сәулесін сұрап, жұпарын шашқан,
Қырда өскен гүлім де сенсің.
Арман - арман, осының бәрі жалған,
Өзіңдей сұлу көркем аруды енді қайдан табам?
Айтшы...
 
Қайырмасы:
Маған ғашық болған талай жандар армандайды,
Жүректі мазалайды, өзіңдей бола алмайды.
Қайда сол күндер, жаным? 
Сол түндер жаным...
Сағындым, сағындым, сағындым мен,
Сағындым, сағындым, сағындым мен.
Сол күндер, сол түндер жаным.
Айларым менің... 
Медет Өтегенов ft. Парасат Ыбраев, Сол күндер lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

19.10.2015