Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы lyrics

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

0
0

Share:


Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мықты қазы.
Сөзі бар замандастың терісқақпай,
Жарассашы бір-біріне айтқан назы,
Тұйғынға күшігендер ауыз салып,
Жем болды қарға, ұзаққа қоңыр қазы.
Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді,
Білгіштер бұл жұмысқа емес разы.
Көптен-көп іздегені бүліншілік,
Қанша айтып таусылмайды еш аразы.
Әлі жоқ аңқылдама түсер жарға,
Айтпаса, қайдан білсін, ел сабазы.
Әлі жүр біздің қазақ надандықта,
Қор болып сол себептен өнерпазы.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016