"Мәшһүр" атты қалай алғандығы туралы lyrics

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

0
0

Share:


Алланың бiз сыйындық панасына,
Баянтау бара қалсаң қаласына.
Сәлемдi жолыққаның көп айтыңыз:
Мәшһүрдiң кәрiп (ғарыб) болған анасына!

Жалғанда бiр еңбегім жанбаған жан,
Тiлім дi жан деп адам алмаған жан.
Тапталып надандардың табанында,
Сәулесi, болмас мендей, қалмаған жан.

Атамыз берген екен әуел баста,
Мектепке доңыз жылы дәл бес жаста.
“Ысмайыл қызыл ағашы”- деген жерде
Бес шақырым жерде ауыл: Бұзаутаста.

Медресе Баянаула қаласында,
Амалсыз, атаң қайтса, қаласың да.
Ойлайсың:” “Кім болды,-деп,-бiзден кәрiп,
Жиылған көп шәкiрттiң арасында?!”

Сонда Молда Нәжмеддин хазiрет екен,
Дәл сол қыс Баянтауды қылған Мекен.
Қалаға бiр қыс қыстап, пәтер алып,
Сәтқожа екен, Молда ұстап, қылған дүкен.

Бес жаста несiп болып бiзге дүкен,
Биқисап көрдiк тағы қанша тiкен?!
Нәжмеддин хазiрет сүйiп шын көңiлiсен:
“Бұхарлығым!”- деп лепес қылған екен.

Бел босанбай өмірде бүгiлуден,
Көз жасы бiр тыйылмай төгiлуден.
Себебi: “Бұхарлығым” деп айтқаны,
Қаққан қазық сияқты жүгiнуден.

Артына мінгестiрiп алып келдi,
Бес жаста бес шақырым жерге бердi.
Ал, әкесi қайтқанда ендi үйiне,
Соңынан жүгiрмей ме жас бала ендi?!

Атамыз дiн жолына белiн буды,
Бұл Мәшһүр сол секiлдi ерден туды.
Көшенiң қақ басынан қуғанынан,
Жеткенше медресеге атпен қуды.

Басқа қамшы тиген соң, жаман састым,
Қорғаларға жер таппай, әбден қаштым!
Медресеге қуып кеп, бiр-ақ тықты,
Қайтып әкем деместей, амандастым.

Байжан хазiрет көшесi- қуған көше,
Қамшымен шықпыртқандай әлденеше.
Енесiнен түңiлген жас қозыдай,
Кім ойлапты: “Бар ғой,- деп- әке-шеше!”

Ұмытпаймын: торы ат бар сонда астында,
Атамыз шын ниетi дiн қасында.
“Кел, түйебас қылайық!”- деп балалар,
Бiз жатамыз бәрiнiң ең астында.

Ауыл әлi баяғы Бұзаутаста,
Балалардың таяғы бiздiң баста.
Шөкелұғлы Дүржанбай халфе болды-
Келер жылы, онда бiз алты жаста.

“Жетi жаста,-деп сұра- болдың қайда?”
Дүние-жастан келген жоқ бiзге майда.
Төртуыл-халфе тұрған Қызылтауда,
Орманшы- “Қожан сопы”- деген жайда.

Туғаннан кәрiплiктi тудық ұстай,
Адасқан, бау-бақшадан, бұлбұл құстай.
Халфенiң Бибiсiнен сабақ алып,
Өткiздiк өмір сонда ала қыстай.

“Болам-деп-тiрi жетім !”-кім ойлаған?!
Бiздi үйге-ата-анамыз бiр қоймаған.
Жерден майда, бiз жұмсақ болдық сол күн,
Балалар үстімізде көп ойнаған.

“Шар кiтап”- алты жаста ұстағаным,
Сол күнде өлең жаттап қостағаным.
Екi жыл-Баян, бiр жыл Қызылтауда,
Үш жылдай түнеп түзге қыстағаным.

Үйренiп бала жастан бiлдім тiлдi,
Сабадым шар кiтапты мен жатқа ендi.
Үш жастан соң орнығып көре алмадым,
Туған жер мен ағайын, бауыр елдi.

Қой жылы бала екенмін жерге түскен,
Кiндiгім Қызылтауда Тоқтық кескен.
Тауықта жұтап қалып малдан таза,
Жаз шыға Баянаула тауға көшкен.

“Мәнi”-оқыған жоқ менен басқа бала,
Араб, парсы өлеңдi жатқа және (жана).
Самардай қақсағаным-бар жазығым,
Үш жылдай жер аударды ата-ана.

Бiр жерде жын бар десе, “оқу”-атты,
Жалма-жан даярлайды әкем атты.
“Тимешi, үйде отырсын!”-деп, айтпайды,
Шешем қандай, мінезi тастан қатты?!

Көзім жасын Құдайым иген емес,
Жастан Маған жақсы орын тиген емес.
Бiр жыл жатып бiр жерде, келсем үйге,
Шешем иiскеп, бетім нен сүйген емес.

Жас та болып көргем жоқ құнды, пұлды,
Бала бiткен бәрi де менен оңды.
Талай елдiң баласы тулақ қылған,
Қыс болса үстім дегi қатқан тонды.

Ауызы ашықтар аямай көп сабайды,
Пейiлім е өзім нiң дөп сабайды.
“Сен сабақты аласың жылдам-жылдам,
Бiзге молда ұрсады!”- деп, сабайды.

Жазығым сол: зерекпiн, неген емен,
Несие сөз жасымнан деген емен.
Сабақ бiлмей, болмаса ойын ойнап,
Мен таяқты Молдадан жеген емен.

Ас келмейдi алдыма толық аяқ,
Бес пен алты, жетiде жүрдім саяқ.
Қайда басы құралған көп баладан,
Тойып жүрдім жеуменен күнде таяқ.

Бейнет беру жағына Құдай мырза,
Құдай өзi берген соң, ни как нельзя!
Ойнағаны- қылады ақтүйебас,
Шындағаны-шыңғырған даусыма риза.

Алды-артымда серiк жоқ, жалғыз өстім ,
Бес жаста кәрiплiкке тұтқын түстім .
Жаға кiр, шыбын-маса бiзде қонақ,
Жең дал-дал, түте-түте болып өстім .

Бiр үш жыл ұдайымен солайша өттi,
Өлмей тiрi жүрумен сегiз жеттi.
Құдiретi Құдайымның ерiксiз айдап,
Келтiрдi Баянтауға хазiреттi.

Атамыз үй салуға талап еттi,
Бала үшiн күзетем деп бiр мешiттi.
Тауық жылы салам деп бастаған үй,
Кемдiкпен шатырсыз боп, сол жыл бiттi.

Қыстады мешiт түбiн, салған үйiн,
Көңiлiнде бiздi оқыту болып түйiн.
Молдасы, Дүржанбай, халфе-салпе,
Олардың бiз тауыстық гөй-гөй күйiн.

Тұрмай ма Баянтауда хазiрет ендi,
Мерген Жақып үйiне пәтерге ендi.
Гөй-гөйдi тауыстым ғой деп тұрғанда,
ӨМірге таусылмайтын дөй-дөй келдi.

Елудiң тоғызына келген жасы,
Он тоғызда, жалғыз ұл, бар баласы.
Бiр қызы бар тоғыз жасар Бибiсiнен,
Төрт-ақ жан бiр үйлi болған басы.

Қалаға, Баянаула, бүгiн келдi,
Апарып ертеңiне менi бердi.
Менен басқа оқыған бiр бала жоқ,
Жарыдым Мен әке мен шешеге ендi.

“Биданнан бек бiл!”- деумен сабақ бердi,
Мен екi айтқызбаймын бiр сөздi ендi.
Ағузы, бисмилланы мәнiсім ен,
Қызығып үйрететiн жөнi келдi.

Ғылымды он екi пән өзi бiлдi,
Кiсi едi: сөзге ұста, шешен тiлдi.
Айтқанын доптай қағып түсiрмейтiн,
Алдына дәл өзiндей бала келдi.

Еңбегiн жандыруға Құдай бердi,
Кезсе де, көре алмаған талай жердi.
Сөзi жерде қалмасын бiлгеннен соң,
Үйреттi күн-түн демей төгiп ендi.

Баласын серiк қылып бiрге қосты,
Берген соң Құдай қолға қыран құсты.
Құлболды- ишан баласы: Фазыл, Мағзұм,
Өткiздiк осы үшеуміз бiр жыл қысты.

Көз, көңiл құлын жастан нұрға тойған,
Таусылмас көл, теңiз қып Құдай қойған.
“Хазiреттен сабақ алып, оқысын!”-деп,
Күттiрiп [көшiрiп] Мұса мырза бiр қыс қойған.

Сойдырып ту бие мен семіз тайды,
Үйдiрiп жан-жағына қант пен шайды.
“Алдында тiке тұрып, [қызмет қыл] күтiп тұр!”-деп,
Сатылған, жалдап берген, Баянайды.

Жарасып екi Мағзұм қатар жүрген,
Сауық пен, ойнап-күлiп, дәурен сүрген.
Бiз жүрдiк екеуiнiң ортасында,
Итiндей Асқап, Кәһап соңына ерген.

Не керек ендi бiзге: ұйқы, тамақ?
Ет жеусiз тұрумен[ен] қалды табақ.
Үш-ақ жанбыз ең алғаш келген жылы,
Хазiреттен ала қыстай алған сабақ.

Сол қыста көзi ауырып, хазiрет жатты,
Қиналып өз жанына жаман батты.
Немене “Бидан”- деген сөз бе оларға,
Жатқа айтып, жүндей сабап тарсылдатты.

Жазады үйренгенiн Мәшһүр хатқа,
Өлеңдi жүре бердi соғып жатқа.
“Бiр бала iштен қақсай туыпты!”- деп,
Iлiндi жұрт аузына сол күнде атқа.

Ал, ендi аға бердiк болып бұлақ,
Бермедiк тыңдаушыға тыныс, қонақ.
“Сарып, нақу”- деген оқу бар екенiн,
Қазақта естім еген бұрын құлақ.

Нұр болғыр жатқан жайың, қайран, Мұса!
Балалар, шамаң келсе, маған ұқса!
Жазылған хат жүзiне қаламменен,
Қазақта еш болмаған өлең, қисса.

“Тарғын” мен “Қозы Көрпеш” шықпай Ма ендi?!
Кім бiлген оқып бұрын мұндай тiлдi.
Өлеңi “Төрт жiгiттiң”- қосақталып,
Хазiреттiң үйім енен бiрге келдi.

Көргеннен оны Мәшһүр жазып алды,
Соқтырып жұрт алдына жатқа салды.
Ауызынан сiлекейi шұбырумен,
Тамаша, естiген жан (жұрт) аң-таң қалды.

“Сөйле!”- деп, ұмтылып тұр бiздiң өңеш,
Тiлім тағы тақылдақ, көмес емес.
“Көпейдiң бiр баласы қақсап тұр”- деп,
Сол күнде жұрт аузында болдым кеңес.

Күнi едi аға сұлтан сол күнде ендi,
Баянтау қаласына Мұса келдi.
Алдына көремін деп алдырғанда,
Тынбастан жазған Мәшһүр қақсай бердi.

Парасат нұрыменен әбден бiлдi:
-Қаққай,-деп,-Құдай мұнан көз бен тiлдi!
-Мынау Мәшһүр болатын бала екен!-деп,
Ер назары тиюмен нәфiс қылды.

-Ей, сопы, бұл балаңды жақсы бақ!-деп,
-Не болсын мұнан артық тiл мен жақ?!- деп.
Аяумен мейiрi түсiп, бұлайша айтты:
-Балаңа мнан былай үкi тақ!-деп.

Жалғанда аз күн тiрi тұрсын!-дейдi,
-Қандырар талай құлақ құршын!-дейдi.
-Мынау не ғып тұр деп сiлтемедi,
Бақыр-ай, көп жасағыр, болсын!-дейдi.

Сол күнде айтқан сөзім жұртқа жақты,
Ерлер, назар қылған соң сондай бақты.
Қызының басындағы бiр тал шоғын,
Қолымен Бибi Мәриям өзi тақты.

Табылды маған қамқор ата-ана,
Туысқан бауырдай боп Мағзұм және (жана).
Көз ашылды, жүзім е нұр шашылды,
Сүйкім дi, көрiнгенге, болдым бала.

Бетім дi бiр жан ендi қаққан емес,
Ұстазға ешкім мендей жаққан емес,
Ұcтаздың жамағаты қойнындағы,
Қызынан бiр елi кем баққан емес.

Көңiлім де сайрап тұрған бәрi дайын,
Менен аяп көрген жоқ көздiң майын.
Ғабдолла, халфе қызы- Бибi Мәриям,
Аты аузымнан қалмайды жұма сайын.

Солардың сонда түскен Махаббаты,
Сүйсiнген, артылумен жан ләззаты.
Ерден, пiрден iлтипат, назар болып,
Мәшһүрдiң жұрт аузында қалған аты.

Қыс өттi, жер жiбiдi, жердiң үстi,
Қаладан хазiрет үйi елге көштi.
Мұстафа- болыс, Мұса-дуанбасы
Шорманның ордасына барып түстi.

Дүниеде табылған соң Мұндай молда,
Атамыз не сақтасын бiздi қолда?!
Бiр көк қасқа құнанға мінгiздi де,
Апарып тастап кеттi тағы сонда.

Мұстафа Шорманұлы, өзi- болыс,
Ұстаған Молдасы бар, Молда Жүнiс.
Күтуге хазiрет үйiн міндеттенiп,
Бiр жазша iргесiнен берген қоныс.

Хазiреттен оқымайды ұсақ бала,
Бала жоқ менен басқа тағы және.
Мұқтасар, Шарық Ғабдолла қоса оқумен,
Оны есе тұтпаймын, деп: “Аз ғана!”

Хазiреттiң он жас үлкен ұлы менен,
Және артық қадiр, пұлы, құны менен.
Шорманның көп тобына кiргеннен соң,
Мен қалай бiр жүре алам оныменен?!

Мәшһүрдiң жас шамасы тоғыз кезi,
Менім ен түйдей құрдас жалғыз қызы.
Ұл Мен қыз бiрге жүрiп көрген бар ма,
Қаңғыды тағы Мәшһүр жалғыз өзi.

Үй тола бала оқытқан молда Жүнiс,
Барады қаңғып Мәшһүр қылып жүрiс.
Барғанмен үндемей жай отыра ма,
Шықпай ма айтысумен жанжал, керiс?!

Ауызын “ә” дегiзiп, аштырмаймын,
Айтысуға келгенде, бас бұрмаймын.
Хазiреттен естiп, бiлген жат сөзбенен,
Бала түгiл молдасын бастырмаймын.

“Ей, сенi ме?!”-десумен кiжiнедi,
Мәшһүрдiң өзi не едi, сөзi не едi?!
Тамам бала оқудан шығып алса,
Жазған Мәшһүр тапталып езiледi.

“Ал, қылайық,- деседi,- ақтүйебас!”
Мәшһүрдiң бiр шықпайды көзiнен жас.
Ең аяған-астынан тұрғызып ап,
Бар болған болысқаны: “Ал,-дейдi -қаш!”

Маған сонда жоқ шығар тимеген қол,
Мұстафада бықыған ұл мен қыз мол.
Бiр Ақбура: хазiреттiң жалшысы бар,
Адамзатта аяйтын жалғыз-ақ сол!

Аяғанмен жете ме әлi көпке,
Бiр өшiксе, көп бала көне ме епке?!
Балалықта басымнан өткен күндi,
Қалай тiзiп сөйлейiн бәрiн жiпке?!

Аямастан Құдайдың бергенiн бiл,
Қыздар қалды тiрiдей әр жерде тұл.
Сонда аямай-ашымай ұрған жандар,
Тiке тұрды алдыма қусырып қол.

Айналайын Құдайдан қылған мұндай,
Сол кезде жүргем жоқ болып жымдай.
Кім кетiптi үндемей сырт айналып,
Тиген жанды қып-қызыл шие қылмай?!

Бала жастан емдедiк талай тазды,
Саған, Мәшһүр, обал жоқ өзiңе аз-ды!
Хазiреттiң үйi сонда жүруменен,
Сол ауылда өткiздiк екi-үш жазды.

Өсумен Баянтаудың қаласында,
Құдайдың жан сақтаумен панасында.
Не берсе де Құдайдың берген бағы,
Сегiз бенен он бестiң арасында.

Кеудеге он бес жаста ғылым толды,
Толумен тасып кетiп өлең қонды.
Әш-шәһрият апатқа татбиқ келiп,
Апат сол жұрт аузында Мәшһүр болды.

Кеуденi кеткеннен соң өлең кернеп,
Ой кеттi бет алдына сай-сайды өрлеп.
Бас жоқ, көз жоқ, бет алды шаба бердiк,
Кім болдырып көрiптi көзi терлеп?!

Бiледi мұны тегiс бұл Орта жүз,
Жаз өтсе, тақау тұр ғой соңында күз.
Қыздарға тұмар қылып тақтыруға,
Өлеңменен ғашықлықтан қозғадық сөз.

Құдайдың, міне, шебер құдiретiн көр,
Бiлмедiк қайда екенiн есiк пен төр.
Өлеңiн ғашықлықтың сезiп қалып,
Атамыз он алтыда аударды жер.

Бұлбұлдай қақсаған соң күн-түн сайрап,
Бекiтiп тұра алмадық тiлдi байлап.
“Бала оқыт, мал тауып бер, тұрма үйде!”- деп,
Жiбердi жер сiбiр қып ерiксiз айдап.

Ғашықлық, нем бар едi қыспай көттi?!
Өз тiлім , өз басыма көп пәле еттi.
Атаның қылған iсi мирас болып,
Сонымен жер сiбiр боп өмір өттi.

Жиырма тоғыз жаста Бұхар бардым,
Басымнан арылмастай сыбаға алдым.
Дамолда, Хамза қожа кездей ұшырап,
Тоғыз ай сонда алдында тұрып қалдым.

Бес жаста бисмилла айтып, жаздым хатты,
Бұл дүние тастай маған келдi қатты.
Сегiзден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса едi қосақтаған “Мәшһүр” атты.

Iлтипат көп жақсылар етiп едi,
Шарапат ұстаз пiрден жетiп едi.
Ұстазым Қамар хазiрет сүйгендiкпен:
“Уай, құзғын-ай!”- деуменен кетiп едi.

Таппады жаным сая күйгенiнен,
Маңдайға, тоқталмадым, тигенiнен.
Дамолда хазiрет күлiп әр сөзім е:
“Уай, әулие!”- деушi едi, сүйгенiнен.

Қолдаған әр орында ғайып пiрім ,
Тарқаған сөз сөйлеумен iште шерім .
Қайда барсам жоқ болған бұл жаһанда
Ұстазға жеккөрiнiштi болған жерім .

Деп кеткен бiреуi “жынды”, бiреуi “бақсы”,
Бiр кiсi көпке қалай ұнамақшы?!
Ташкенттегi ұстазым осы күнгi
Ықыласымды қош алып, көрген жақсы.

Келедi шығып жаңа ащы терім ,
Шабуға бүктетiлiп жетпей жерім .
Күндiз-түнде басыма пана болған,
Қожай- баһауалдин кәміл пiрім.

Жүрген, тұрған жерім нен пәле қашқан,
Тас басып, қанша қиын таудан асқан?!
Жанкештi: “қыр қыдырған, су сыдырған”,
Қыдырдың қыдырғанда, iзiн басқан!

Қаңғырып жүргендiктен, жүрген саяқ,
Жерім көп әр орында жеген таяқ.
Құдайға шүкiр, Хақтың пендесім iн
Мейiрбан төккен лұтын аямай-ақ.

Иншалла, сөзім де жоқ титтей жалған,
Аузыма сөздiң шынын Тәңiрім салған.
Лұтыхи қандай есепсiз көп болса да,
Тағы өзi қаһарына сондай алған.

Жалғанда күйiп текке жасаған жас,
Бойыма өмір бойы бiр сiңбей ас.
Ризамын қылған бәрiн Ием өзi,
Қысқаны, жадыратқаны- бәрi бiр бас.

Мен өлеңдi өмірім ше өттім қоймай,
Жiбермес семіртумен және соймай.
Қайғы ғам-бала жастан құмар iсім ,
Берушi өзi болған соң тiптi тоймай.

Ей, Алла, айналайын бергенiңе,
Ғибратпен, шын ықыласпен көргенiңе!
Керексiз бұл жалғанға қылдың бiр жан,
Жүдемес, қажып ешкім өлгенiңе!

Өлсең, саған, айтшы кім, қамығады?!
Түсiнбеген сөзiңе, шала ұғады.
Тұра берсең жалғанда бұл қалыппен,
Қаты, бала күтуден жалығады.

Бұл сөзім нiң бәрi шын, жалғаным жоқ,
Жалығумен тiптi өзім қалғаным жоқ.
Бұл жалғанда көңiлім е алған iстi
Қолым жетiп ешбiрiн алғаным жоқ.

Болмай кеттi өмірім ше маған тойым,
Хат, қаламым, өлеңім -жылқы, қойым.
Мен дегенде, жан бiткен терiс айналып,
Орнына кеп көрген жоқ ешбiр ойым.

Бұхар бардым, еңбегім онда қалды,
Ташкенттегi, жолдағы ел ұрлап алды.
Қыдырсаң да дүниенi, таба алмассың:
Бiр еңбегi жанбаған бiздей жанды.

Кім -кім менен бас қоссам, ойы басқа,
Үйде отырып жаримын өш пен қасқа.
Үйде, түзде күн кештім жалғыздықпен,
Жари алмай өмірім де бiр жолдасқа!

Деп ойлап: “Алданбайын болмашыға”,
Бiлмедім бала күннен қырға шыға.
Кеудеге қуат бiткен кетiп қалып,
Жерім жоқ хош көрiнген ұрғашыға!

Жоғары қарай берiп, төмен бақпай,
Өзім дi-өзім жасқаншақ, қылып қақпай,
Қара құлдың жұмысын қылмаған соң,
Қатын деген халық, жұртқа кеттім (қалдым) жақпай.

Берген өнер құдайым тiл мен жақтан,
Бұл-шын сөз, бiледi жұрт, емес мақтан.
Тiл мен жақтың қатынға керегi не,
Құлды артық көретiн жұрт мал мен бақтан.

Наданнан бойыңды алыс қылып, сақтан!
Берiлген ғылым, хикмет маған хақтан.
Ақ жағыңнан көретiн көздi жоқ боп,
Өңшең соқыр қарайды қара жақтан!

Жүсiптi ақ жағынан Жақып көрдi,
Қырық жыл жылап, көзi ағып, өмір сүрдi.
Қара жағын көрумен ағалары
Жойылтып, жоқ қылуға аңдып жүрдi.

Керуенге бақыртумен құл деп сатты,
Мысыр барып, зынданда нақақ жатты.
Зылиқа ақ жағынан көрiп қалып,
Өрт болып өз-өзiнен күйдi қатты.

Бiр жағың ақ болғанда, бiр жақ- қара,
Тәңiрiң солай жаратқан, бар ма шара?!
Қара жақтан қараушы ортасында,
Жалғыз қалдың сопайып, ей, бейшара!

Бiлгенге болды тамам, ендi сөз жоқ,
Елуден астың анық, саған жүз жоқ.
Тұр мейлiң, бұл жалғанда, жөнел мейлiң,
Ақ жағыңнан көретiн бiр де көз жоқ!

Жаудың басы өз нәпсiң бермейдi ерiк,
Қосақталып лағын тұр оған серiк.
Қанша айналсаң құдайдан, аз-ды саған,
Дұшпаныңа осынша қылған жерiк!

Бiлмей жүрсiң жүгiңдi мойныңдағы,
Өмір бойы қанбаған ойың-дағы.
Қара жақтан, қақ басы, қараушының
Өмір-жолдас қатының қойныңдағы.

Қартаюмен жастарға болдың суық,
Бас орнында бұл күнде- үрген қуық.
Емен болсын, көтерсiн, қалайша үйдi,
Iске жарап жалғанда жалғыз уық.

Жүрегiңнiң басында қалды дағың,
Күннен-күнге жуықтап өлер шағың.
Ақ жағыңнан көрушi жан жоқ болып,
Аймағыңа айқын боп қара жағың!

Бұл жалғанның жүзiнде көңiлiң өспей,
Көрiнгеннiң жұртында қалдың көшпей.
Қашан көзге көрiнген асыл нәрсе
Асылдықтан қор болдың, көзге түспей!

Бала күнде толумен кеудең нұрға,
Мастықпен түсiп кеттiң талай сорға.
Шарқ ұрып ұшып жүрген дер күнiңде,
Зерек құстай жаңылып, түстiң торға!

Еске түстi-ау басымнан кешкен күндер,
Талай уын жалғанның iшкен күндер!
Бопаламдап iшiнде кетiп жатыр,
Неше түрлi көкейдi кескен күндер.

Тiршiлiк көрсеттi бәрiн мұның,
Сен қазбалап сұрайсың несiн оның?!
Тiлiң сөйлеп, жүрегiң оянғанмен,
Қайда жеткен созғанмен қысқа қолың?!

Текке шаршап, зарықпа, қызыл тiлім !
Салған менi бейнетке ғылым-бiлім .
Зеректiктiң сазайын көп тартумен,
Қақсауменен дамылсыз өттi күнім .

Жарық сәуле көре алмай, бiр таң атып,
Кеткен күндi, айтасың, қашан батып!
Сату, сою жағына жарамсыз боп,
Қойға ере алмай қотанда қалдық жатып.

Арам болды жалғанда бiзге базар,
Тiрiлей көрге түсiп, болдық мазар.
Міне, осындай мән-жайы кәрiптердiң (ғарiплардың),
Шарапатты ерлерден тиген назар.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, "Мәшһүр" атты қалай алғандығы туралы lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016