Бес қымбат lyrics

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

0
0

Share:


«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген,
«Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген!
«Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi,
«ИМан шартын бiлмесе, есен(ибан)»- деген.

«Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген.
«Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген.
«Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар,
Иманын кәпiрлiкке сатар!ң-деген.

«Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген,
«Сабырлысы Мұратын табар!»-деген.
«Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле салар!»-деген.

«Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген,
«Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!»-деген.
Жатқан жерден: «Құдай кешiр!»- деген-қорлық,
«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!»-деген.

«Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген,
Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген.
«Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Бес қымбат lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016