Ғашықпын мен неге? lyrics

Мәлік Жамбылұлы

Ғашықпын мен неге?

0
0

Share:


Сен менің арманым,
Сен менің бар бағым.
Жаным деп өзіңді,
Әнімді арнадым.

Көзімде елесің,
Жан жылу бересің.
Сағындым сені мен,
Сен қашан келесің?

Сұраймын өткеннен,
Сұраймын кеткеннен.
Кетпеші алысқа,
Жырақтап тек менен.

Бағыма тең көре,
Іздеймін сенделе.
Ғашықпын өзіңе,
Мен неге, мен неге?

Сүюдің соры мың,
Көзімде толы мұң.
Басқаны қайтемін?
Жүректе орының.

Алдамай бос үміт,
Жол жатса тосылып.
Ешкімге қарамай,
Кетейік қосылып.
Мәлік Жамбылұлы, Ғашықпын мен неге? lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.01.2016
Music Videos
Мәлік Жамбылұлы
Ғашықпын мен неге?