Ақ моншақ lyrics

Мәлік Жамбылұлы

Ақ моншақ

0
0

Share:


1. Махаббатсыз қызыл гүлдер солмай ма
    Екі жарды қосса бүтін болмай ма
    Ұя салып жүректерге шын ғашық
    Бақыт құсы тұғырына қонбай ма
    Сенің жаның мөлдірліктің əлемі
    Баяны жоқ дүниенің мəні еді
    Жанарыңа жасырынған сұлулық
    Бəріненде, бəрінде əдемі
 
                  кайырмасы:
    Мың жұлдыздан жаралған
    Таңым болған Ақмоншақ
    Ай мен күннен нəр алған
    Бағым болған Ақмоншақ

2. Сыры қосқан жүректерге барма айып
     От сезіммен жанды өртеп алмайық
     Адалдықты серік етіп сенімге
     Қос аққудай қанат қағып самғайық
     Сенің жаның мөлдірліктің əлемі
     Баяны жоқ дүниенің мəні еді
     Жанарыңа жасырынған сұлулық
     Бəріненде, бəріненде-ау əдемі
Мәлік Жамбылұлы, Ақ моншақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

27.10.2015