Көктемім менің сүйкімді-ақ lyrics

Мақсұт Неталиев

0
0

Share:


Аққулар өтсе тізіліп ұшып қиқулап.
Билейді сезім көңілде ғажап күй тулап.
Шалғында жатып шалықтап әнге басасың,
Осынау әсем көктемнің көркі сүйкімді-ақ!
Көктемнің күні, көктемнің гүлі сүйкімді-ақ,
Кетеді сенің жаныңды билеп сиқырлап.
Түнімен жүріп таң ата бір-ақ келесің,
Қойнында құмның, түбінде талдың ұйқың қап.
Жаңбыр да құйып тұрады нұрын себелеп,
Бас иіп саған қалады гүл мен ебелек...
Көктемің деген көңілді күлкі екен ғой,
Жастықта, бауырым, күлкіден басқа не керек!
Көңілді көктем, көгалды көктем өтпесін,
Жалындап жанып, алау бол, сені от десін.
Лаулаған сенің, аунаған сенің орныңда,
Келешек ұрпақ күтетін гүлдер көктесін!
Барады көкте аққулар ән сап қиқулап,
Билейді сезім, көңілде ғажап күй тулап.
Аппақ құс болып арманым алға тартады,
Көктемім менің, Жастығым менің сүйкімді-ақ!
Мақсұт Неталиев, Көктемім менің сүйкімді-ақ lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016