Ағаларым lyrics

Мақсат Рахмет

Ағаларым

1
0

Share:



Құшағы оттай ыстық Сахарадай,
Көңілің алып ұшқан шағаладай,
Алдымнан көкем-ай деп шыға тұғын,
Сендерді сағындымғой, сендерді сағындымғой, ағаларым.

Қайырмасы:
Қажымас қара нарын,
Кең байтақ даналарым,
Күнім деп еркелетер,
Аман бол ағаларым,
Аман бол ағаларым.

Аңқылдақ айналайын, ағаларым,
Сағынсам іздеп барар паналарын.
Әлемге ізімдегі қарап жүріп,
Қалдырған өздеріңді, қалдырған өздеріңді бабаларың.

Қайырмасы:
Қажымас қара нарын,
Кең байтақ даналарым,
Күнім деп еркелетер,
Аман бол ағаларым,
Аман бол ағаларым.

Өзіңе сүйенемін қандай жақсы,
Сөзіңе сүйсінемін балдай тәтті.
Ерлердің ағасы, бар жағасы бар,
Алдыңда ағаң болған, алдыңда ағаң болған қандай жақсы.

Қайырмасы:
Қажымас қара нарын,
Кең байтақ даналарым,
Күнім деп еркелетер,
Аман бол ағаларым,
Аман бол ағаларым.

Мақсат Рахмет, Ағаларым lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

01.11.2016
Users