Әкеге арнау lyrics

Мақсат Базарбаев

Әкеге арнау

3
0

Share:



Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағыныш сазды жүрекпен
Ән арнаймын өзіңе.
 
Қайырмасы:
Сағындым, әке, сағындым
Тәңірге тәубе табындым
Өзіңсің, әке, аяулым, әке қолдаушым
Бақытым болжар, бақытым болжар бағымның.
 
Сағынышпен самғайын
Үмітіңді жалғайын.
Әкенің жөні бөлек
Қадірін біл, ағайын.
 
Қайырмасы:
Сағындым, әке, сағындым
Тәңірге тәубе табындым
Өзіңсің, әке, аяулым, әке қолдаушым
Бақытым болжар, бақытым болжар бағымның.
 
Аққудай ақ арманым
Ауырмашы, әкешім.
Ауыры көп-ау жалғанның
Қартаймашы, әкешім.
 
Қайырмасы:
Сағындым, әке, сағындым
Тәңірге тәубе табындым
Өзіңсің, әке, аяулым, әке қолдаушым
Бақытым болжар, бақытым болжар бағымның.
 
Көкке өрлеп көңілің
Нұрға толсын өмірің.
Бақытты бол, жан әке
Ұзақ болсын өмірің.
 
Қайырмасы:
Сағындым, әке, сағындым
Тәңірге тәубе табындым
Өзіңсің, әке, аяулым, әке қолдаушым
Бақытым болжар, бақытым болжар бағымның.
Мақсат Базарбаев, Әкеге арнау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

30.10.2015