Share:








Тыңдашы құлақ түріп тыңда
Жүрегің жылап күліп тұр ма
Шыдашы сынасада өмір
Шығасың құлап тұрып шыңға.
Күйіктен жылайды көп жүрек,
Биіктен құлайды кеп жүрек
Өтірік жұбатсам сонда
Бәріне шыдайды кеп жүрек

Сені сынады деп өмір
Күйеміз сынады деп өмір
Келмейді қайта айналып бізге
Берілген бір-ақ рет өмір
Келмейді қайта айналып бізге
Берілген бір-ақ рет өмір.

Жақының жатқа айналды неге
Жалғандық таптайды арды неге.
Жауабын сұрақтардың сансыз
Келеміз таппай мәңгі неге?
Жібермей көздегенін тағдыр,
Жасайды өз дегенін тағдыр
Сүйем деп мен сонда да сені
Серт етіп сөз беремін тағдыр

Мақпал Жүнісова & Мейрамбек Беспаев Өмір lyrics, Мақпал Жүнісова 2019


Загрузка...





Comments

Оразалы Косаев

07 2019

Мықты мұңды ән екен...

Admin

Corrected text

07.02.2019