Қайырлы түн

Мақпал Жүнісова

2018

2
2

Share:





Загрузка...



Əр күннің болушы үшін шын тілегі
Тəңірің тіршілікке нұр береді
Бір күннің бақытымен тынық ұйқы
Ұсынып тəтті ұйқысын түн келеді

Қайырмасы
Батты деп ауыстырсаң айыңды күн
Аманда туыс бауыр жан бүтін
Жанары шұғылалы асыл жандар
Баршаңа қайырлы түн баршаңа қайырлы түн...

Өмірдің бойға жинап бай үлгісін
Құшағын жайсаңдарын жайылды шын
Таңдарың күліп атсын қос жамағат
Əр түннің тілейікші қайырлысын

Қайырмасы
Бақ тілеп ауыстырсам айыңды күн
Аманда туыс бауыр жаның бүтін
Жанары шұғылалы асыл жандар
Баршаңа қайырлы түн баршаңа қайырлы түн...

Бір күнде жасаймыз ау жорытқанша
Өрлейміз ортаямыз ұмытқанша
Тəтті ұйқы құшағында тербелейік
Тəңірдің таңдарында жолыққанша

Қайырмасы
Бақ тілеп ауыстырсам айыңды күн
Аманда туыс бауыр жаның бүтін
Жанары шұғылалы асыл жандар
Баршаңа қайырлы түн баршаңа қайырлы түн...


Мақпал Жүнісова Қайырлы түн lyrics, Мақпал Жүнісова 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

11.12.2018
Users