Ғашықтар жыры lyrics

Мақпал Жүнісова ft. Сенбек Жұмағалиев

Ғашықтар жыры

3
1

Share:


Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай.
 
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.
 
Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!
 
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде. 
Мақпал Жүнісова ft. Сенбек Жұмағалиев, Ғашықтар жыры lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Орик Утепбергенова

23 2017

жаксы

GM

Added Lyrics

22.10.2015