Share:



Түн бесігі әлдилеп
Кеудемді күй-ән билеп
Менің ғаріп жанымның тұр ғой таң сөйлеп
Көңілімде көп арман
Жас төкпеймін жанардан
Бақыт нұрын іздеймін мына ғаламнан


Тербетемін әлемді
Серік етіп әуенді
Менің сәуле ғұмырым
Ай жұлдызға тәуелді
Тербетемін әлемді
Серік етіп әуенді
Менің сәуле ғұмырым
Ай жұлдызға тәуелді

Мөлдір моншақ тағынған
Жарық көрдім жаныннан
Көктем сазын естідім
Гүлді бағыннан
Күннің көзі жүрегін
Ысырар бұл түнегін
Жылына алмайды жаңбырдан үміт тілегін

Ғашық жансын өмірге
Қарсы жүзген өріле
Сенің сәуле ғұмырын
Жарқырайды көңілде
Ғашық жансын өмірге
Қарсы жүзген өріле
Сенің сәуле ғұмырын
Жарқырайды көңілде


Ән шырағы сөнбейді
Рухтың дертін емдейді
Біздің ғұмыр сәулелі
Көретін тек күн дейді
Соқсада ол жел мейлі
Өмір мәңгі гүлдейді
Ғұмырымыз сәулелі
Көленкені көрмейді
Мәдина Сәдуақасова, Гүлхая Жуашбаева, Сәуле ғұмыр lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

01.11.2016